Спорт
1 мин оқу 940

Спортшы балаларға базарлық

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасындағы &laquo;Таңшолпан&raquo; балалар үйі спорт саласындағы жетістіктерімен лайықты түрде мақтана алады. Нақты айтар болсақ, аталған мекеменің тәрбиеленушілері футбол және велоспорттан Еуропа елдерінде өткен жарыстарда үздік нәтижелерге талай мәрте қол жеткізген.</p>

Спортшы балаларға базарлық

Таяуда, саламатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы жаңа буынды тәрбиелеу ісімен айналысып жүрген «Батыр боламын» атты қайырымдылық қоры балалар үйіне бокс пен күреске арналған құрал-жаб­дық­тарды сыйға тартты. Енді тәрбиеленушілер спорттың осы түрлерімен де тұрақты айна­лы­суға мүмкіндік алды.

«Таңшолпан» балалар үйі ди­ректорының орынбасары Гүл­мира Майкамбева қуаны­шымен былайша бөлісті:

– Қайырымды жандар бізге бокс тұлыбы мен былғары қолғаптар, шлемдер, басқа да спорттық снарядтарды сыйға тартты. Осының арқасында біз жаттығу залын қайта бейін­дедік. Енді балалардың бокс және күреспен айналысуына көбі­рек мүмкіндіктері бар. Өте қуа­ныштымыз және «Батыр боламын» қорына айтар алғысымыз шексіз!

Айта кету керек, «Таңшолпан» балалар үйінің командалары футбол, велоспорт және үстел теннисінен Қазақстанның да бірнеше мәрте чемпиондары атанған.

Бөлісу: