Жеңіл атлетика
1 мин оқу 190

Жеңіл атлеттердің бесінші жолдамасы

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық жеңіл атлет Мария Ов&shy;&shy;чин&shy;никова Токиода жалауы желбі&shy;рей&shy;тін жазғы Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды.</p>

Жеңіл атлеттердің бесінші жолдамасы

Қазақстан жеңіл атлетика феде­ра­ция­сының мәліметі бойынша, Мария Ов­чин­никова Алматыда өтіп жатқан ел чемпио­натында үш қарғып секіру жарысы бойын­ша Олимпиада нормативін орындап, ел қоржынына кезекті лицензияны салды. Овчинникова Алматыдағы ішкі чемпио­натта 14.34 метр нәтиже көрсетті. Бұл – же­ңіл атлеттердің бесінші лицензиясы. Бүгінге дейін қазақстандық жеңіл атлетика өкілдерінен Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Георгий Шейко, Айман Ратова (спорт­тық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон) Олимпиада жолдамасын иеленген болатын.

Ал әзірше ел қоржынында спорттың 30 түрінен 63 жолдама бар.

Бөлісу:
Жеңіл атлеттердің бесінші жолдамасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар