Тағайындау
2 мин оқу 482

Қуат Борашев жаңа қызметке тағайындалды

<p style="text-align: justify;">ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы болып Борашев Қуат Қахарманұлы тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;primeminister сайтына сілтеме жасап.</p>

Қуат Борашев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – журналист.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған.

1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортеры болды.

1994-1995 жылдары — орта мектеп мұғалімі.

1995-1997 жылдары — «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы.

1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында — «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы.

1997-2000 жылдары — «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы.

2000-2003 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы.

2003-2005 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі.

2005 жылғы ақпан-маусым аралығында — «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі.

2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.

2006-2007 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы.

2007-2012 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2012-2013 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2017 жылдары — ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2017 жылдың маусым-қараша аралығында — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы.

2017-2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

Бөлісу:
Қуат Борашев жаңа қызметке тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар