Спорт
1 мин оқу 163
Дидар Хамза екінші кезеңде ұтылды
<p style="text-align: justify;">Мажарстанда өтіп жатқан дзюдошылардың әлем чемпионатының төртінші жарыс күні ерлер 81 кило және әйелдер 63 кило салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Қазақстанның бір ғана балуаны боз кілемге шықты. Ол – Дидар Хамза. Кезінде Рио Олимпиадасында өнер көрсетіп, Азия ойындарында бас жүлдені олжалаған қандасымыз Будапеште өзін жақсы қырынан көрсете алмады. Тұсаукесер кездесуінде ливандық Насиф Элиасты жеңген Хамза келесі кезеңде болгариялық Ивайло Ивановқа есе жіберді. Сөйтіп, жерлесіміз үшін бұл жарыс аяқталды. Ал қыздарымыз бүгін татамиге шыққан жоқ.
Бөлісу: