Маңғыстауда сирек кездесетін үстірт текесі фототұзаққа ілікті
<p style="text-align: justify;">Қызылсай ауылының тұрғыны, облыстың қасиетті жері мен көрікті орындарын аралап, экскурсия жүргізіп жүрген Бағдат Бесмағамбетов өзінің <a href="https://www.instagram.com/p/CPyeJpNMXKN/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Instagram</a> парақшасында «Қызыл кітапқа» енген үстірт текесінің суреттері мен видеосын бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оның айтуынша, ол 7 маусымда Бекет-Ата жерасты мешіті аумағынан тау текесіне тап болған.
«Адамдар оларға тиіспейді. Бұған олар үйреніп алған, қашпайды да. Мен үстірт муфлонын Бекет-Атада бірінші рет кездестіріп тұрған жоқпын», деп жазды Бағдат Бесмағамбетов.
Үстірт муфлоны (атау - Үстірт тау қойы) – қошқарлар тұқымдасынан туындайтын тұяқтылар. Отырықшы өмір салтын жүргізеді. Аласа шөлді тауларда болады. Қазақстанда үстіртте кеңінен мекен етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына, сондай-ақ Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген.