Аймақтар
2 мин оқу 203

«Қызыл» құрсаудан құтылды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша аса күрделі жағдайға тап болған-ды. Өңірдің біраз уақыт &laquo;қызыл аймақ&raquo; құрсауынан шыға алмай, індеттің таралуымен табанды түрде күресуіне тура келген еді. Енді міне, облыста эпидемиологиялық жағдай жақсарып, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңір &laquo;сары аймаққа&raquo; өтті.</p>

«Қызыл» құрсаудан құтылды

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасағандарды әртүрлі жолдармен ынталандыру тәсілінің белсенді түрде жүргізіліп жатқанын айта кеткен ләзім. Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының вакциналау­дан өткен қызметкерлері 10 мың теңге сыйақы алады. Сонымен бірге, Қарағанды қаласы мен Абай ауданының екпе алған тұрғындары үшін кейбір дүкендерде, дәм­ханаларда және шаштараздарда тауарлар мен қызмет түрлеріне деген жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл игі істен Қарағанды облысының кәсіп­кер­лері де шет қалмай, коронавирус инфекция­сына қарсы вакциналауды насихаттай баста­ды. Мысалы, «12 ай» құрылыс дүкенінде «Коро­на­вирусты бірге тоқтатайық!» акциясы басталды. Вак­циналанған адамдарға мұнда 10% жеңілдік қарастырылған. Сыйлық ретінде сатып алынған та­уарды Қарағанды бойынша тегін жеткізу және жоғары қабаттарға көтеріп беру жү­зеге асырылады.

«12 ай» дүкендер желі­сінің Қарағанды фи­лиа­лының директоры Елена Бочень бұл іс-ша­раның жал­пыға тән маңыздылығын атап өтті.

– Акцияның соңғы күні 11 маусымда өтеді. Біз адам­­дарға қандай да бір жолдарын тауып, олар­ға ек­пе алу керектігін жет­кі­зуі­міз керек деп шеш­тік. Қара­ғандылықтар өзде­­рі­нің ғана емес, ай­на­­ла­сын­дағылардың ден­саулығына да жауапкер­ші­лікпен қарауы керек. Айта кету керек, біздің дүкеннің ұжымы толықтай екпе алды, – дейді кәсіпкер.

Ал Абай ауданы бо­йын­ша «Денсаулыққа – иә, Covid-ке – жоқ дейміз!» акциясы ұйым­дастырылды. Екпе алғандар вакциналау төлқұжатын ұсынып, кейбір дүкендер мен дәм­ханаларда 5-10% жеңілдік ала алады. «Абай сити» және «Атриум» сауда үйлерінің қолдауымен вакциналаудан өткен көп­балалы және аз қамтылған отбасылар үшін азық-түлік көмегі қарастырылған.

Міне, осы және басқа да бел­сенді түрде жүргізілген ке­шенді іс-шаралардың арқа­сын­да облыста індеттің беті қай­та бастаған сыңай танытып отыр.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
«Қызыл» құрсаудан құтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар