Өнер
2 мин оқу 265

Уақыт үнін таразылаған туындылар

<p style="text-align: justify;">Өткен ғасырдың 50-жылдары ел тарихындағы ерекше уақыт. Бұл адамзат баласына алапат қасірет шектірген сұм соғыс аяқталып, ет жақынынан айырылған жұрт күйзелістен, уайым-қайғыдан енді-енді ес жия бастаған кезең болатын. Суретшілер қаламындағы тұрмыс шаттығын, табиғат көркемдігін, адам сұлулығын жырлаған түрлі туындылар өмірді қайта тірілткендей еді.</p>

Уақыт үнін таразылаған туындылар

Уақыт үнін әділ таразылаған мұндай картиналар көрерменді дәл сол кезеңге, тап сол мекен­ге иіріп әкеткендей әсерге қал­­дыратыны бар. Солардың ішінд­егі ең іргелі туындылар Ә.Қастеев атындағы өнер мұ­ражайының қорында сақ­таулы тұр. Күні кеше өнер ордасының заманауи шетел өнері қорынан жинақталған Ресей шеберлерінің қолтаң­басынан сыр шертетін көрме есік ашты.

Владимир Рутштейннің 1957 жылы жазған «Жеңістен соң» деп аталатын жұмысы өзінің атауымен де, эмоцио­налдық мазмұнымен де бүкіл көрменің өзегін ұстап тұр. Суретте – көркем де жігерлі жас жігіттер футбол матчын­да жеңіске жеткен зауыт ко­мандасының өкілдері еке­­ні байқалады. Олардың жүз­деріне шуақ ұялатқан жеңіс қуа­­нышы, жеңіс шаттығы. Шә­кірттер жігеріне риза болған жаттықтырушының тұлғасы да есте қаларлықтай. Анна Кос­тинаның «Мектеп бітіру кеші» деп аталатын жа­­рық пен бақыт сезіміне толы серпінді жұмысы да құ­ры­лы­мы жағынан алдыңғы ком­по­зицияға жақын.

Көрмеде Қазақстан тақы­рыбы айрықша үн қатады. Бү­кіл елдің басын қосқан тың игеру тарихи оқиғаға ай­нал­ғаны мәлім. 1954 жылы көк­темде он мыңдаған адам дала төсін тілгілеп жаңа жер­лерді бағындыруға ат­танды. Бұл оқи­ғадан сурет­шілер де шет қалған жоқ. Көр­медегі ли­рикалық екпінге толы Ва­лен­тин Богдановтың «Дос­тардан хат», Ирина Вит­манның «Жа­ңа жерде», Ростислав Сле­товтың «Тың­ға» жұмыстары жас тың игеру­шілердің «ша­тырдағы» өмірін көрсетеді. Көрмедегі Павел Кориннің Мәс­­кеу метросындағы бекет­тің сәндік жабдықтарына арналған эскиздері алматылық көрерменнің назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Әсіресе Новослаботская метросы ви­траж­дарының эскиздері ерек­ше қызықты. Олардың негі­зінде ескілікті маталардың өр­­нектерімен өрілген өсімдік­тек­тес гүлді нақыштардан құ­ралған күрделі композиция­лар да көрме қабырғасынан орын алған.

Көрмеде әйелдер бей­несі басым. Сергей Гераси­мов пен Леонид Кабачектің, Сте­пан Дудник пен Алек­сандр Пушниннің кескіндеме­ле­ріндегі ауылдың еңбеккер әйел­­дері әсерлі бейнеленген. Көшпелі көрмеге келген жұ­мыс­шы қыздар Константин Дорохов картинасының негізгі кейіп­керлеріне айналған. Саябақта серуен құрған құрбы қыздар Алексей Ткачевтың шабытына дем берсе, жол жиегінде не­ме­р­есін жетектеген әжейлер Глеб Са­виновтың қылқаламына ілік­кен.

Көрме жетекшісі Галина Сырлыбаеваның айтуынша, 1960-жылдары Мәскеудің Көр­кемсурет көрмелері дирек­циясы музейге бірқатар туын­дысын сыйға тартқан. Ал кей­бір туынды авторлардың өзінен тікелей сатып алынса керек. Айталық, Виктор Ореш­никовтің «Суретші А.Ф.Кос­тинаның портреті». Петр Кончаловскийдің «Бала­лайка ұстаған бала» және «Су­құйғыштағы жұпаргүл», Аристарх Лентуловтың «Қы­рыққабат бейнеленген натюрморт», Александр Осмеркиннің «Ереван натюрморты» атты жұ­мыстары кеңес өнеріндегі ірі суретшілердің тікелей мұра­герлерінен алынған.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Уақыт үнін таразылаған туындылар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар