Орал қаласында төрт жасар қыз терезеден құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Оралда төрт жасар қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға бүгін сағат 18.04-те Алматы көшесі 109/1-мекенжайында орналасқан 5 қабатты үйде болған.
Ата-анасының қарауынсыз қалып, төртінші қабаттан құлаған қыз бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр.
Алдын ала мәліметке қарағанда, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Мұрны сынып, ішінен де жарақат алған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 18.04-те шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде жатқан қыздың жағдайы тұрақты.