Атырауда жүргізуші бір отбасының 4 адамын қаққан

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 31 мамырда Мақат ауданындағы Доссор кентінде болған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түнгі сағат 01:10 шамасында 1988 жылы туған жүргізуші «Toyota Sequoia» көлігімен жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылдары туған төрт жүргіншіні қағып кеткен. Алайда, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Осы жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізілген жедел іздестіру-тергеу амалдарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.