Шығыс Қазақстанда барымташылар қолға түсті
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бірнеше мәрте мал ұрлаған барымташыларды қолға түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі ер адам өңір аумағында мал ұрлығымен айналысқан.
Осы уақытқа дейін олардың 3 қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Аягөз және Тарбағатай ауданының 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды.
Олар түнгі уақытта жайылымынан бірнеше мәрте қой ұрлаған.
«Күдіктілер мамыр айында 9 бас қойды ұрлаған. Егер тәртіп сақшылары барымташыларды уақтылы ұстамаса, бұл сан әлдеқайда көп болушы еді. Қазіргі уақытта екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деді ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.