Әлем
1 мин оқу 313

Президентке қол көтерген адам қамалды

<p style="text-align: justify;">Франция соты ел президенті Эммануэль Макронды шапалақпен ұрған адамға дереу үкім шығарып, қамауға алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жалпы Демиен Тарель 18 айға бас бостандығынан айырылды, оның 14 айы шартты жаза.

Сонымен қатар сот оның азаматтық құқығынан үш жылға айыру туралы үкім шығарды. 

Сондай-ақ бес жыл ішінде қару ұстауға тыйым салынды. 

Естеріңізде болса, Франция президенті Эммануэль Макрон 8 маусым күні Дром департаментіне барған кезде белгісіз адам бетінен шапалақпен ұрған болатын. 

Бөлісу:
Президентке қол көтерген адам қамалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар