Оқиға
1 мин оқу 2,440
Ақтауда жаппай төбелес болды
<p style="text-align: justify;">Ақтауда жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жаппай төбелес Ақтаудағы 28 шағын ауданында болған. Видеоны оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желілерде жариялады. Болған жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
ПД баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 9 маусымда сағат 23:50-де 102 пультіне төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Шақыруға «Мираж-8» патрульдік полиция батальонының экипажы шықты. Тұрғындар тыныштығын бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деді департамент өкілі.
Бөлісу: