Оқиға
1 мин оқу 280
Атырауда 4 адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
<p style="text-align: justify;">Атырауда бір отбасы мүшелерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мақат ауданы Доссор кентінде 31 мамыр күні түнгі сағат 01:10 шамасында Toyota Sequoia көлігін тізгіндеген 33 жастағы жүргізуші, жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылы туған бір отбасының төрт мүшесін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.
«Іс бойынша жүргізілген жедел-тергеу амалдарының нәтижесімен күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Бөлісу: