ІІМ биыл толықтай электронды тергеуге көшеді
<p style="text-align: justify;">Сотқа дейінгі іс жүргізу саласын жетілдіру туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесу барысында мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ведомство басшысының мәліметінше, қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу тәжірибесі кеңеюде.
«Өткен жылы қылмыстық істердің 50%-ы осы нысанда тергелді. Ағымдағы жылы - 70%. Жыл соңына дейін электрондық тергеуге 100% көшу жоспарлануда. Осылайша, тергеу мерзімдері қысқарады, азаматтардың конституциялық құқықтарын бақылау және қорғау деңгейі артады. Заңдылықты бұзу жағдайлары алынып тасталады», деді Е.Тұрғымбаев.
Қазақстан ТМД-да сотқа дейінгі өндірісті цифрландыруды бастаған алғашқы ел.