Әлем
1 мин оқу 234

Пәкістанда жол апатынан 18 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Пәкістандағы Белуджистан провинциясында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, 30 адам зардап шекті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға провинцияның шығысындағы Бхалок елді мекенінің жанында орын алған. Хуздар-Ларкана бағдарымен келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырып, көлігін басқара алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.

Бөлісу: