Оқиға
1 мин оқу 695

Өскеменде із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында із-түссіз жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһар тұрғыны өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен. Полицияға хабарласқан ер адам жұбайының із-түзсіз кеткенін жеткізген болатын.

Оның айтуынша, әйелі Жаңа Согра ауданындағы дүкенге қарай бет алып, сол күйі қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Алайда оны табу мүмкін болмады.

«Арада жарты жылдан астам уақыт өткен соң әйел адамның денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Өскеменде із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар