Аймақтар
1 мин оқу 192

Ақтауда әйел үшінші қабаттан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Ақтауда 36 жастағы әйел үшінші қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Төтенше жағдай бүгін, 11 маусымда Ақтау қаласының 5 шағын ауданында орын алған.

– Ақтау полиция басқармасы 102 операторының пультіне үшінші қабаттан адам құлағаны туралы қоңырау түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында Ақтау полиция басқармасының жедел тобы жұмыс істеуде, – деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Куәгерлердің айтуынша, әйел қайғылы оқиға орнында қайтыс болған.

Бөлісу:
Ақтауда әйел үшінші қабаттан құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар