Дзюдо: Әлемдік доданың алтыншы күнгі нәтижесі

Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін әйелдер 78 кило және ерлер 100 кило салмақ дәрежелері бойынша түрлі-түсті жүлделерді сарапқа салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдер арасында үшінші орын үшін бәсекеде жапониялық Мами Умеки украиналық Анастасия Турчинға тізе бүктірді. Екінші қола медаль үшінайқас Нидерландтың қос өкілі – Гюше Стэенхейс пен Мерхинде Верверк арасында өрбіді. Бұл тартыс алғашқысының пайдасына шешілді. Ал алтын алқа германиялық Ана Мария Вагнердің мойнында жарқырады. Ол Францияның шоқ жұлдызы Маделейне Малонганы қосымша уақытта алып ұрды.
Ерлер сайысында Португалияның дүлдүлі Жорже Фонсекаға тең келер ешкім табылмады. Финалда ол сербиялық Александр Куколжға сан соқтырды. Бір керемет, осы жарыста қос қола медаль Грузияның өр мінезді ұлдарына бұйырды.
Атап айтсақ, әйгілі Варлам Липертелиани бразилиялық Майкл Коррелды қапы қалдырса, 19 жастағы жас пері Илья Суламанидзе канадалық Шади Элнахастан басым түсті.