Қазақстан
1 мин оқу 584

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

<p style="text-align: justify;">ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа&nbsp;<a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/215778?lang=kk" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">қаулысы</a>&nbsp;жарық көрді. Оған сәйкес, бірқатар елдің азаматтарының вакцинация анықтамалары Қазақстан аумағында жарамды болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құжатта Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының паспорттары/сертификаттары/вакцинация анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылатындығы айтылған.

«Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін», делінген қаулыда.

Бөлісу:
Бас санитардың жаңа қаулысы шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар