Аймақтар
1 мин оқу 433

Павлодарда автокөлік жанып кетті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Павлодар қаласында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Рavlodarnews.kz&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 11-26-да Ломов көшесі, 45 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.

- Автокөлік тұрағында 1998 жылы шыққан «Mitsubishi Galant» 14 көлігінің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, электр сымдары жанған, салонның жалпы ауданы 5 шаршы метр аумағы толығымен өртенген, - дейді департаментте.

Сағат 11-39-да өрт жойылды. Оқиға орнына жеке құрамнан 5 адам және 1 техника шықты. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Бөлісу: