Елорда
1 мин оқу 340

Елордада Шәкен Аймановтың муралы пайда болды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда мамырдың соңында Омаров көшесі, 64 мекенжайындағы ғимаратқа жаңа мурал салынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Муралда кеңес, қазақ актері, театр және кино режиссері Шәкен Аймановтың «Алдар көсе» фильміндегі бейнесі салынған. Бұл картинада ол сценарийдің бірлескен авторы, қоюшы-режиссер және басты рөлді орындаушы болған.

Сурет авторы - Асхат Ахмедьяров.

Асхат Ахмедьяров қаланы безендіріп тұрған бір ғана картинаның авторы емес. Оның тағы бір жұмысы – «Ағашпен өмір сүру» деп аталады. Ол Бейбітшілік көшесі, 29 үйінде салынған.

Бөлісу:
Елордада Шәкен Аймановтың муралы пайда болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар