Қазақстан
1 мин оқу 337

Қай елдердің вакцинация анықтамасы Қазақстан аумағында жарамды?

<p style="text-align: justify;">ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа&nbsp;қаулысына сәйкес, бірқатар елдің азаматтарының вакцинация анықтамалары Қазақстан аумағында жарамды болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құжатта Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының паспорттары/сертификаттары/вакцинация анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылатындығы айтылған.

«Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін», делінген қаулыда.

Бөлісу:
Қай елдердің вакцинация анықтамасы Қазақстан аумағында жарамды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар