Атырауда тұрғын үй кешені өртеніп кетті
<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында 8 пәтерлік «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді. Пәтерін өрт шалған тұрғындар туыстарының баспанасын паналауға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 13 маусымда кешкі сағат 22:19-да болған.
«Өрт сөндірушілер «Сарықамыс» шағын ауданындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешеніне барғанда төбе жабындысы мен 2-қабаты жанып жатты. Тұрғын үй кешенінен 21 адам, оның ішінде 10 бала өздігімен қауіпсіз жерге шыққан», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жалынды сөндіру үшін төтенше жағдайлар департаментінен 50 қызметкер мен 8 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 3 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ «Ақ Берен» АҚ филиланынан 2 қызметкер, 1 техника, «НКОК» компаниясынан 4 қызметкер, 1 техника, СКЭБР-ден 4 қызметкер, 1 техника, полиция департаментінен 7 қызметкер, 3 техника тартылды.
Өрт сағат 00:43-те оқшауланып, сағат 00:57-де толықтай сөндірілді.