Аймақтар
1 мин оқу 800
Атырауда атыс қаруын заңсыз сақтаған жігіт қамауға алынды
<p style="text-align: justify;">Құрманғазы ауданының 42 жастағы тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл дерек «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.
Полицейлер 42 жастағы ер адам тұратын үйді тінту кезінде 1 ойық қаруы мен 5,6 мм калибрлі 1 патронды тауып, тәркіледі.
«Тексеру кезінде аталған азаматтың бұрын сотты болғаны расталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен тергеу басталды. Ал заңсыз қаруды сақтаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу: