Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы заң өзгертілмек
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстанда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар есептеуді алып тастауды қарастыратын түзетулер жобасын жария талқылауға шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға түзетулер жобасын жария талқылау 25 маусымға дейін жалғасады.
Заң жобасы ел Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленгені хабарланды.
«Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу міндетін қойды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі жол картасының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар есептеуді болдырмау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді», делінген жобаны түсіндірме жазбада.