COVID-19: Атырау стационарларында 341 науқас емделіп жатыр
<p style="text-align: justify;">Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте 43 адамнан қауіпті вирус табылып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Оның ішінде 38 науқас Атырау қаласында тіркелген. Ал, Теңіз кен орнында – 2, Жылыой ауданында – 1 адам, Индерде – 1, Мақат ауданында 1 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 адам емделіп шықты. Қазір 528 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланды. Модульдік ауруханада – 118, №2 облыстық ауруханада – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 17, аудандық инфекциялық стационарларда 64 адам емделіп жатыр. Ал Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 пациент жатыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.