Президент
1 мин оқу 200

Президент Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрін құттықтады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Нафтали Беннеттің Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өз атынан құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

– Қазіргі уақытта Израиль әлемдік деңгейде экономикасы қарқынды дамыған, үздік инновациялық технологиясы арқылы халқының әл-ауқатын арттырған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылды. Осы ретте еліңіздің жетістіктері мен мерейін әрі қарай еселеуге бағытталған Сіздің бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың толық та табысты жүзеге асуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Израиль арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы өзара тиімді байланыстарды дәстүрлі достық пен өзара сенім рухында нығайтуды ортақ мақсат деп санайды. Сондай-ақ осы игілікті жолда күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нафтали Беннеттің жауапты қызметіне мол табыс пен сәттілік, ал достас Израиль халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Президент Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрін құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар