Оқиға
1 мин оқу 721

Мас күйінде балконнан түспек болған ер адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда балконнан түспек болған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

46 жастағы ер адам үшінші қабатта орналасқан балконнан түсуге тырысып жатқанда жерге құлаған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21.30-да Энергетиктер көшесіндегі пәтерден ер адам мас күйінде ақжайманың көмегімен төмен түсуге тырысқан.

«Ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылып, сағат 01.00-де көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады департаменттен.

Бөлісу:
Мас күйінде балконнан түспек болған ер адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар