Әлем
1 мин оқу 170

Непалда дәрі-дәрмектер мен құрылғылар жетіспей жатыр

<p style="text-align: justify;">Непалда коронавирустық инфекциямен күресті жүргізуге қажетті дәрі-дәрмектер тапшы, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Пандемия салдарынан ауруханаларда бос орын жоқ. Мұнда ең қажет деген дәрі-дәрмектер мен құрылғылардың тапшылығы байқалуда. Халықаралық ұйымдар қауымдастықты Непалға гуманитарлық көмек ретінде оттегі баллондарын, өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарын және COVID-19-ға қарсы екпелерді жеткізуге шақырады.

28,6 млн халқы бар Непалда соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияға шалдығу жағдайларының саны 2 049-ға артып, 610 521-ге жетті.

Бөлісу:
Непалда дәрі-дәрмектер мен құрылғылар жетіспей жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар