Қазақстан
1 мин оқу 9,450

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері қанша?

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы&nbsp;232 347&nbsp;теңгені құрады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Статистика комитетіне сілтеме жасап.</p>

«Өткен жылдың күзінен бастап деңгей өсуде. Қазан айында бұл көрсеткіш 209 818 теңгеге, қарашада – 211 033, желтоқсанда – 220 848, 2021 жылғы қаңтарда – 222 261, ақпанда – 223 213, наурызда –224 715, сәуірде – 231 319 теңгеге жетті. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 2021 жылғы сәуірде 124 132 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы сәуірге қарағанда 10,1%-ға жоғары», делінген Статистика комитеті таратқан ақпаратта.

Ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде салыстырғанда 2,9%-ға өсті. Сондай-ақ бюрода 2021 жылдың І тоқсанында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрағанын еске салды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9%-ға жетті.

«Жұмыспен қамту мекемелерiнде жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылдың мамыр айының соңында 222,7 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4%-ды құрады», деп хабарлады бюрода.

Бөлісу:
Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері қанша? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар