Аймақтар
1 мин оқу 321

Петропавлда көшеден табылған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

<p style="text-align: justify;">Петропавлдың Жұмысшы кентінде көше кезіп жүрген бала табылды. Шамамен екі жаста. Қазір сәбидің ата-анасы іздестірілуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Балақайды кеше кешкі сегіз шамысанда тұрғындар тауып алып, патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тапсырған.

Ювеналдық полиция мамандары балақайға киім-кешек, аяқ-киім және басқа да керек-жарақтарын жинап берді. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында. Полицейлер баланың ата-анасын іздестіруде. 

«Баланың туыстары жайлы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 39-48-65 нөміріне немесе «102» арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Оның ата-анасына тәрбие, білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны, өзінің кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Олар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін», дейді Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.

Бөлісу:
Петропавлда көшеден табылған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар