Өнер
2 мин оқу 1,384

Жамбылдың жарқын бейнесі

<p style="text-align: justify;">Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған &laquo;Бақыт туралы жыр&raquo; атты мерейтойлық көрме есік ашты. Ғибратты ғұмыр иесінің өмір өрнегінен сыр шертетін көрмеге өнер музейінің қорында сақталған 30-дан астам кескіндемелік, графикалық және мүсіндік туындылар қойылған.</p>

Жамбылдың жарқын бейнесі

Жамбыл бейнесін жазған қылқалам шеберлері ақын өмірінің кең танылған, соңғы он жылын көбірек қамтыған. Жамбылды тіршілігінде өз көзімен көріп бейнелеген Б.Че­­­калин, Ә.Қастеев, Р.Ар­да­­тов, Н.Ягодкин секілді ше­бер­­лер дала перзентінің қарт­тық шағын дәл кейіптейді. Б.Чекалиннің: «Жамбыл туындылары күнделікті өмірмен ұштасып жатты, кейіпкердің әрбір сәтін көзден таса жібер­мей бейнелеуге тырыстым» деуі тегін емес. Жамбыл тақы­ры­бындағы топтамасы ұлы жы­­раудың өмір жолын ке­неп арқылы баяндайтын кең кө­лемді монографияға ай­налған сурет­ші ақын жырларын жан дүниесімен зер­делегені анық.

я

Жамбыл бейнесіне бір­неше рет тоқталған Ә.Қас­теев те ақын­ға арнап «Ха­лық ақыны Жам­былдың пор­треті» (1937), «Жамбыл дос­тары арасында» (1971) атты туындыларын жарыққа шығарды. Өнертаушы Лаура Әбілдаеваның пайымынша: «Ә.Қастеев Жамбылды қан­­ша рет бейнелесе, сонша рет бі­рін-бірі қайталамайтын кел­­­бет жасады. Ол өткен ең­бек­­­­терін қайталамау үшін ақын­ның пси­хологиялық ішкі жан дү­ниесінің алуан қырын аша білді».

Жамбыл ақынның жарқын бейнесі мүсін өнерінен де тыс қалған жоқ. 1938 жылы Қа­зақ­станға келіп, Жамбылды өз көзімен көре жүріп, оның бей­несін жасаумен айналысқан мәскеулік мүсіншілердің бірі, И.Андреев еді. Тағылымды тұл­ғаны тастан қашаған талант иесі импрессионистік тәсілде кейіп­кердің бір сәттік көңіл күйін дәл көрсеткен.

ч

Қазақстанның мү­сін өне­рінің негізін қалау­шы Х.Нау­рызбаев өз шығармашы­лы­ғында Жамбылдың балалық шағынан бастап, қартайғанға дейінгі аралықтағы бүкіл өмі­рін қамтыған туындылар топтамасын жарыққа шығарды. Көрме қабырғасынан Х.Нау­рызбаевтың «Жас Жам­был­дың бас бейнесі» (1950) мен қария «Жамбылдың пор­треті» (1966) туындыларын көруге болады. Сонымен қатар мүсіншінің қоладан жасалған «Жас Жам­был» (1958) атты туындысы Ә.Қас­теев музейінің тұрақты экспозициясында орна­ласқан. Бұл жұмысында мү­сінші жалаң аяқ дала кезіп, дом­бырасына қосылып ән салып келе жатқан бала ақынды тұтас тұл­ғасымен көрсеткен.

– «Бақыт туралы жыр» көр­­месіндегі шеберлер қол­таң­­басы «ХХ ғасырдың Го­мері» – Жамбыл Жабаевтың эпи­­калық бейнесін нақты көр­­сетуге тырысқан. Жамбыл жыр­ла­рындағы ізгілік пен әділ­дік пат­шалығы туралы адам­заттың мәң­гілік арманы, барлық уақытта адамды бі­рік­­тірген бақытты жар­қын бо­ла­шаққа деген үміт айтылады, – дейді Лаура Әбілдаева.

АЛМАТЫ

Бөлісу: