Теннисшілеріміз жарысты жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Теннисшілердің Париждегі «Ролан Гаррос» додасы аяқталған бетте әлемнің бірқатар мемлекеттерінде басқа да турнирлердің шымылдығы түрілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>

Берлинде жүлде қоры 456 073 евроны құрайтын жарыста Елена Рыбакина өнер көрсетуде. WTA рейтингінде 21-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы, өзінің тұсаукесер кездесуінде америкалық Шелби Роджерспен шеберлік байқасты. АҚШ теннисшісі үздіктер тізімінде 47-сатыға жайғасқан. 1 сағат 44 минутке созылған бұл тартыс Рыбакинаның пайдасына шешілді.
Әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры 1,2 миллион евродан асатын Лондондағы турнирде күш сынасуда. Ол АТР рейтингінде 61-орынды еншілеп отырған франциялық Жереми Шардимен шеберлік байқасты. Бұл матчта жерлесіміз 6:4, 3:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Келесі кезеңде Бублик Ұлыбританияның өкілі Джек Дрейпермен сайысады.
Чехиядағы «Челленджер» додасында қазақстандық Александр Недовесов және португалиялық Гонсало Оливейра жұбы екі сеттік сайыста корт қожайындары – Эндрю Паулсон мен Партик Риклден айласын асырды – 6:4, 6:3.