Парламент
1 мин оқу 450

Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды

<p style="text-align: justify;">Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин &laquo;Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы&raquo; Заңына сәйкес Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұрлан Нығматулин ұсынып отырған кандидаттың білікті заңгер осы салада көптеген қызметтерді абыроймен атқарып келе жатқанын айтты.

– Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы Заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де жеткілікті, – деді Н. Нығматулин.

Айта кету керек, жалпы отырыс барысында осы уақытқа дейін Мәжілістің Комитетін басқарып келген Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қаулы қабылданды.

Бөлісу:
Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар