Қазақстан
1 мин оқу 280
QazVac вакцинасы экспортқа шығарылады ма?
<p style="text-align: justify;">Күзге қарай Жамбыл облысындағы QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Шынымен де қазақстандық вакцина елімізде де, шетелде де үлкен сұранысқа ие болып отыр. Әрине, QazVac вакцинасының танымалдығын арттыру және оны өзге елдерге жеткізу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Процедура ұзаққа созылады. Елдердің вакцинаны өзара мойындауы, жеткізілетін елде тіркелуі қажет. Бұл жұмыстарды біртіндеп бастаймыз. Қазір бұл вакцинаны алуға ниет танытқан серіктестерді іздестіріп жатырмыз. Барлық реттеуші құралдар іске қосылған», деді министр.
Бөлісу: