Экология
1 мин оқу 630

«Сары» түтіннің салдары

<p style="text-align: justify;">Облыстық экология департа&shy;менті екі ай бұрын &laquo;Теңіз&raquo; кені&shy;шінде шыққан &laquo;сары&raquo; тү&shy;тінге қатысты тексерісті аяқ&shy;тап, әкімшілік іс қозғады. Департамент басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің ақпаратына сүйенсек, биылғы 7 сәуірде &laquo;сары&raquo; түтін кен орнындағы КТЛ-2 нысанында орнатылған &laquo;У-500&raquo; қондырғысының гидро&shy;генизациялау пешінен шық&shy;қаны анықталыпты.</p>

«Сары» түтіннің салдары

– Тексеру кезінде қалдық газды беру клапанының ақауынан «С-511» пешінің жұмысы тоқтағаны белгілі болды. Сол себептен, ауа­ға «сары» түтін түріндегі кү­кірт шығарылған. Департамент бас­шылығының ұйға­рымымен осындай ағаттыққа жол бергені үшін «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты əкімшілік іс қоз­­ғалып, бұзушылықтарды жою тура­лы нұсқама берілді. Онда қор­шаған ортаға өз бетінше эмис­сия­ларға жол бермеу жөнінде нақты іс-шараларды əзірлеу, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлар кезінде қондырғылар желісінің жұмысын тоқтату мүмкіндігін қарастыру ұсы­нылды, – дейді департамент басшысы Ә.Бекмұхаметов.

Оның айтуынша, қазір әкімшілік істі қарау процесі уақытша тоқ­татылыпты. Өйткені компания бас­шылары тексеру нəтижелері бойынша толтырылған акт пен жол­­данған нұсқамаға байланысты эколо­гиялық реттеу жəне бақылау комитетіне шағымданып отыр. Алайда, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкіметпен жəне жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтың мәліметінше, ауаға ұзақтығы 7 минутқа созылған күкірт диоксиді мен қарапайым күкірт шығарылған. Осыған орай кен орнындағы қызметкерлер мен мамандар ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбепті.

Атырау облысы

Бөлісу: