Спорт
1 мин оқу 540

EURO-2020: Бүгін кімдер ойнайды?

<p style="text-align: justify;">Футболдан Еуропа чемпионатының жетінші жарыс күнінде жоспарлы үш матч өтеді. Украина Солтүстік Македониямен кездессе, Дания мен Бельгия, Нидерланды мен Австрия күш сынасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

EURO-2020: Бүгін кімдер ойнайды?

Екінші тур аясында С тобында өнер көрсететін Украина мен Солтүстік Македония кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. В тобының өкілдері Дания мен Бельгия кездесуі 22:00-де үш ұпайға таласады. Кездесу Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ С тобының өзге екі жұбы Нидерланды мен Австрия ойынын түнгі 01:00-де Qazsport телеарнасынан тамашалауға мүмкіндік бар.

Алты команданың үшеуінде үш ұпайдан бар болса, қалған үшеуі турнирдегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізуге ниетті. Бірінші турда Украина Нидерланды құрамасынан 2:3 есебімен ұтылса, Солтүстік Македония Австриядан 1:3 есебімен жеңілген болатын. Дания Финляндиядан айласын асыра алмады (0:1). Өз кезегінде Бельгия турнирдегі анық фаворит екенін әйгілеп, Ресейді 3:0 есебімен жеңді.

Еске салайық құрамалар арасынан Италия алғаш болып плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бөлісу:
EURO-2020: Бүгін кімдер ойнайды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар