Қазақстан
1 мин оқу 150

Мәдениет қызметкерлері баспанамен қалай қамтылады?

<p style="text-align: justify;">ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет қызметкерлері баспанамен қалай қамтылатындығын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2020 жылғы 23 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ арасында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 20 пәтер бөлінді», деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында.

Бөлісу:
Мәдениет қызметкерлері баспанамен қалай қамтылады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар