Қазақстан
2 мин оқу 2,960

Екінші отандық вакцина сынақтан өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Елімізде 15 мау&shy;сым&shy;нан бастап тағы бір отандық вак&shy;цина&shy;ның клини&shy;&shy;калық &shy;зерт&shy;теулері бас&shy;талды. Сovid-19-ға қарсы бұл жа&shy;ңа вакцина &laquo;QazCoVac-P&raquo; деп аталды. Оның сы&shy;нағы Тараз қаласындағы көп&shy;бейінді қалалық ауруханада 18-50 жас аралығындағы еріктілерді тар&shy;ту арқылы жүргізіледі. Бұл жаңа&shy;лықты Биологиялық қауіпсіздік проб&shy;лемаларының ғылыми-зерттеу институты хабарлады.</p>

Екінші отандық вакцина сынақтан өтіп жатыр

Сovid-19-дың алдын алуға арналған жаңа вакциналық препарат – SARS-CoV-2 коронавирусының жасанды синтезделген ақуыздары негізінде әзірленген QazCoVac-P суббірлік вакцинасы. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты аталған вакцинаның кли­никалық зерттеулерінің I және II фазасын жүргізуге Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алды.

Бұл – Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің мамандандырылған кәсіпорнында клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өткен және өзінің қауіпсіздігін көрсеткен БҚПҒЗИ-дің екінші вакцинасы. Әзірлеушілер молекулалық биологияның заманауи технологияларын қолдану арқылы SARS-CoV-2 коронавирусының иммундық жүйемен танылатын RBD және N ақуыздарын шыға­ратын бактериялардың штамдарын ала алды.

«Вакцинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынған ақуыз­дарды күрделі тазартудың бар­лық кезеңі жүргізілді және сапа бақылауынан өтті. Олар­­дың құрамында вирус жоқ. Зерт­ханалық жануар­ларға салынған вакцина екінші дозаны бұлшықет ішіне енгізгеннен кейінгі 14-ші тәулікте иммунитетті дамы­туға ықпал етеді. Инактив­телген вакциналардың құра­мындағы сияқты суббірлікті вакциналардың құрамында да патогеннің тірі компоненттері жоқ және өте қауіпсіз», дейді институт өкілдері.

Институт мәліметі бойынша, вакцинаның құрамындағы адъювант иммундық реакция тудыруға әсер етеді және вак­ци­наланушының ағзасына теріс ықпалын тигізбейді. Себебі бұл вак­цинаның құрамына тек қажет­ті антигендер кіреді және вирус­тың басқа құрамдас бөлшектері жоқ. Суббірлікті вак­цинадан кейінгі жанама әсер­лер сирек кездеседі. Вакци­наның бұл түрінің мысалы ретін­де тұмауға, В гепатитіне, пнев­мококқа, менин­гококқа, гемо­фильді инфек­цияларға қарсы және басқа да вак­циналар­ды атауға болады.

Клиникалық зерттеулердің сәтті өтуі суббірлікті вакцина ар­қылы вакциналанғандардың кон­тингентін кеңейтуге және елімізде коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеттің қалып­тасуын тездетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу: