Оқиға
1 мин оқу 265

Жастармен жүздесу

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ас&shy;самблеясы Төрағасының орынбасары Ма&shy;рат Әзіл&shy;хановтың жастар ұйымдары же&shy;тек&shy;шілерімен бейресми форматтағы кездесуі өтті.</p>

Жастармен жүздесу

Отырысқа Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент және ҚХА жа­нын­дағы Жастар сая­саты жөніндегі кеңестердің мүшелері, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Іс-шарада ҚХА жанындағы «Жарасым» республи­калық жастар ұйымы мен жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ жас кәсіпкерлерді ҚХА қызметіне тарту, ҚХА мен Nur Otan партиясы жастар құрылымдарының өзара әрекеттесуі, өңірлік волонтерлік ұйымдар мен Достық үйлері арасындағы байланысты дамыту мәсе­лелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар жастар бастамаларын қол­­дауға және жастардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңей­туге бағытталған бірлескен жобаларды, сондай-ақ қайырымдылық пен еріктілікті кешенді дамыту ор­талығы ретінде өңірлік Достық үйлерін дамыту перс­пективаларын сөз етті.

Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы жас­тарға және олардың жобаларына белсенді қол­дау көрсетуге дайын екенін және жастар қозғалысы жобала­рын дамыту мен жастар қоғамдастығымен өзара іс-қи­мыл­ды күшейту орталығына айналуы тиістігін атап өтті.

Бөлісу:
Жастармен жүздесу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар