Руханият
2 мин оқу 196

Туған жерден топырақ бұйырды

<p style="text-align: justify;">Облыс орталығындағы Даңқ аллеясында өткізілген &laquo;Ерлікке тағзым&raquo; атты акция барысында Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін от кешкен жауынгерлердің рухына тағзым етілді.</p>

Туған жерден топырақ бұйырды

Жиналған қауым Екінші дү­ниежүзілік соғыста ерлікпен қа­за тапқан Кәмен Жұманов пен Тө­леубай Жұмабековтің рухына тағзым етіп, құрмет көрсетті. Өкінішке қарай, марқұмдардың мүрдесінің жанынан табылған үшінші жа­уынгердің есімі бел­гісіз.

Іс-шараға Ресей елшілігінің Қазақстандағы әскери атташесі Тал­ғат Юмадилов, Қазақстан Рес­­публикасы Қорғаныс минис­тр­лігінің, «Атамның аманаты» қо­ғамдық қорының өкіл­дері, соғыс ардагері Кәмен Жұмановтың қызы Мәдениет Аяпбаева және зиялы қауым өкілдері қатысты. 

– Ұлы Отан соғысы жиырмасыншы ғасырдың ұлы қасіреті. Биыл Жеңістің 76 жылдығын атап өттік. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің хал­қы­мыз Жеңіске өзінің шексіз үлесін қосты. Бабаларымыздың ер­лігі жер бетіндегі бейбітшілікті сақ­тап қалды» деп атап өткен болатын, – деді облыс әкімі Ермек Мар­жықпаев, – ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды.

Салтанатты шарада Талғат Юмадилов ағымдағы жылдың сәуір айында «Пионер» із­деу отрядының өкілдері Ржев қа­ласының маңынан қазақстандық үш жауынгердің мәйіті мен екі медальон тауып алғандығы туралы кеңінен толғап айтып берді. Екі медальон иесі Ақ­мо­ла облысының Қорғалжын ауда­нының жауынгерлеріне тие­сілі екендігі анықталған. Қор­ғалжындық Кәмен Жұманов пен Тө­леубай Жұмабеков аудандық әскери комисариаттан майданға бірге аттанған екен. 1942 жылдың 21 ақпан күні қандыкөйлек жолдастар бір күнде қаза тапса керек.

– Әкем қан майданға ат­танғанда мен небәрі үш жас­та­ екенмін. Әкем­нің бейнесін тек ойша ғана елес­тетінмін. Міне­кей мен де сексеннен астым, – дейді Кәмен Жұ­мановтың қызы Мәдениет Аяп­баева, – көзімнің тірісінде әкем­нің рухымен қауыштырған елге мың алғыс. 

Жауынгерлердің мәйіті туған жерлері Қорғалжында жер қой­науына тапсырылды.

Бөлісу:
Туған жерден топырақ бұйырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар