Коронавирус
2 мин оқу 282

Атырауда 70 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 70 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Әкімнің мәліметінше, Атырауда 385 нысан «Ashyq» жобасына қосылды.

«Біздің облыс 26 мамырдан бері «сары аймаққа» енді. Қазір инфекциялық төсек-орынның жүктемесі 16 пайызды құрайды. Ем алып жатқан науқастардың саны – 337. Облыста 12 стационарда 2 098 науқасқа арналған инфекциялық төсек-орын жасақталған. Оның 81-і реанимациялық орын. Қосымша 750 резервтік төсек-орын дайындалды», деді Махамбет Досмұхамбетов.

Оның айтуына қарағанда, 1 ақпаннан бері өңірге 111 200 доза вакцина жеткізілді. Қазір облыста вакцина салатын 41 екпе бекеті ашылды.

«Бүгінде 69 304 адам вакцинаның I компонентін, 27 569 адам II компонентін салдырды. Өңірде қазіргі кезде 385 субъект «Ashyq» қосымшасын енгізіп, QR-кодпен жұмыс істеуде», деді облыс әкімі.

Бөлісу:
Атырауда 70 мыңға жуық адам вакцина салдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар