Оқиға
1 мин оқу 390
Ақсуда велосипедтегі баланы көлік қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Ақсуда велосипедтегі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусым күні сағат 17:10-да Ақсу қаласындағы Строителей көшесіндегі үйге қарама-қарсы «ВАЗ 21112» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол бойында рұқсат етілмеген жерде велосипедпен келе жатқан баланы қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедтегі бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», делінген хабарламада.
ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.
Бөлісу: