Оқиға
1 мин оқу 1,190

Баласын қараусыз қалдырған ана жазаланды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы Успен ауданында полицейлер &laquo;Тұрмыс&raquo;&nbsp; жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында&nbsp;кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-ананы анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

- Қоңырөзек ауылының тұрғыны 15 жасар баласын үйде қалдырып, өзі Успен  ауылына кеткені және ол жерде таныстарымен бірге спирттік ішімдіктер ішкені анықталды. Ата-анасы екі апта болмаған кезде бала қаңғып жүрген. Аталған фактіні учаскелік инспектор анықтады, - деді аудандық полиция бастығының бірінші орынбасары Әсет Садықов.

Полицейлер  баласын қараусыз қалдырған әйелді тауып, ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұдан басқа, енді отбасы қолайсыз ретінде профилактикалық есепке қойылды. 

Бөлісу:
Баласын қараусыз қалдырған ана жазаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар