Ауа райы
1 мин оқу 481

Демалыс күндері ауа райы салқындайды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 19-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кезең ішінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, орталықта, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Республиканың батыс өңірлері ғана антициклон жотасының ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Республиканың солтүстік жартысында түнгі сағаттарда температура 5-13-ке дейін, күндіз 12-20-ға дейін күрт төмендеуі мүмкін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-18-ге дейін, күндіз 18-27-ге дейін жылынады.

Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы салқындайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар