Аймақтар
1 мин оқу 225

Көкшетауда мектептер мамандандырылған күзетпен қамтылды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы бүкіл мектеп мамандандырылған күзетпен қамтылғанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп отыр. Қазан қаласындағы (Татарстан) қайғылы оқиға осы мәселедегі қадамдарды қайта қарастыруға міндеттеді. Өңірдегі мемлекеттік білім беру ұйымдары толықтай бейнебақылау жүйесімен қамтылды», деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, облыс орталығындағы барлық мектеп мамандандырылған күзет жүйесіне ауыстырылды. Қазіргі кезде осындай жұмыс аудан орталықтары мен қалалардағы мектептерде жүріп жатыр.

Бөлісу:
Көкшетауда мектептер мамандандырылған күзетпен қамтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар