Технология
1 мин оқу 160

Atmaca зымыраны сынақтан сәтті өтті

<p style="text-align: justify;">Түріктің Atmaca аталатын кемеге қарсы зымыраны қолданысқа берілер алдындағы соңғы сынақ кезінде кеме пішініндегі жер үстінде орналасқан нысанаға дәл түсті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің Twitter-дегі аккаунтында хабарлады. 

Мемлекет басшысының айтуынша, шешуші сынақ ұшырылымы жұма күні жүзеге асырылған. 

«Біздің Отанымыздың болат қылышы - Atmaca  кемеге қарсы зымыраны әскери арсеналға қосылар алдындағы соңғы сынақ кезінде кеме тәрізді нысанаға дәл түсті. Қарулы күштерімізге сәттілік тілеймін», деп жазды түрік басшысы.

Сондай-ақ Түркия президенті зымыран сыналған сәттен видео жариялады.

Бөлісу:
Atmaca зымыраны сынақтан сәтті өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар