Әлем
1 мин оқу 600

Ресейде десантшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Ұшақ Кемерово облысында құлады, деп хабарлайды,&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.</p>

Облыстық биліктің хабарлауынша, ұшқыштарды қосқанда төрт адам қаза тапты. 

Танай аэродромынан жеңіл қозғалтқышы бар L-410 типті ұшақ көкке көтеріліп, кейінірек сол жақ бүйірімен құлаған. 

ДОСААФ-тың аймақтық кеңсесі ұшақтың пайдалануға жарамды екенін және бір тәулік ішінде төртінші рейсін жасағанын хабарлады. Олар сондай-ақ тоғыз адам өлді деп мәлімдеген, бірақ кейінірек билік оны жоққа шығарды. 

Осы оқиғадан кейін Танай аэродромындағы барлық рейстер тоқтатылды.

Бөлісу:
Ресейде десантшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар