Аймақтар
2 мин оқу 310

Қалдықтан жасалған карта

<p style="text-align: justify;">Елімізде алғаш рет қайта өңделген пластиктен жасалған эко&shy;логиялық төлем картасы қолданысқа енгізілмек. Ұйымдас&shy;тырушылардың айтуынша, мұндай картаны пайдалану &ndash; қоқысты сұрыптау мен қоршаған ортаны жасылдандыруды қолдаудың бір жолы. Жаңа картаны Еуразиялық банк пен Mastercard бірлесе ұсынып отыр.</p>

Қалдықтан жасалған карта

«Қайта өңделген пластиктен жасалған картаның экологиялық функциясы да бар. Банк картасымен жасалған әрбір төлемнің транзакция сомасынан 0,5 пайыз – Eurasian Environmental Fund-қа, тағы 0,5 пайызы Eurasian Pay, Apple Pay, Samsung Pay ар­қылы жасалған байланыссыз тө­лемдер үшін клиентке бонус ре­тінде жіберіледі. Экокартамен мей­лінше көбірек төлем жасалған сайын соншалықты экологиялық бағ­дарламаларды қолдауға қар­жы бағытталып отырады», дейді Еуразиялық банк басқарма төр­ағасы Иван Белохвостиков.

Аталған эко картаны пайдала­ну арқылы әрбір қазақстандық ел эко­логиясының жақсаруына аз да болса үлесін қосып отырмақ. «Жа­сыл бонустар» жинақта­лып оты­ратын қор бір ай бұрын ғана «Астана» халықаралық қар­­­­жы ор­талығының базасында құ­рылған.

– Біздің миссиямыз – Қазақ­станда көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Біз елге шынайы кө­мегін тигізе алатын түрлі бағ­дарламалар мен бірлескен жобалар жасау үшін экобелсенділер мен экологтарды шақырамыз. Қор­дың жұмысы ашық жүргі­зі­леді, – дейді «Астана» халық­аралық қаржы орталығы «Жасыл қаржы» қорының бас директоры Айдар Қазыбаев.

Mastercard компаниясының Орталық Азиядағы бас директоры Рафал Трэпканың ай­туын­­ша, өңірде алдыңғы қатар­лы қар­жылық шешімдер іске асуы үшін Mastercard белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Трэпка сондай-ақ экологиялық карталарды на­рыққа шығару процесінің Қазақ­станда да басталғанына қуаныш білдірді. Ал банк карталары үшін пластик өндірумен айналысатын «Розан Азия» ком­паниясының директоры Да­нияр Байбатшаевтың айтуынша, қайта өңделген пластиктен экокарта өндірісін жасау тым қымбатқа түседі. «Сол себепті, мұнда ешкім пайда көрмейді. Өйткені қатысушылар үшін бұл коммерциялық емес, әлеуметтік жоба. Ең бастысы – осы арқы­лы экологиялық проб­лемаларға және «жасыл тех­нологиялар­ға» ел назарын аудара аламыз», дейді ол.

Әдеттегі банк карталары жұм­­­сақ және берік материал бо­­лып саналатын поливинил­хло­­­ридтен жасалады. Ресейлік «Эко­­лайн» компаниясы дирек­то­­рының ­орынбасары Елена Виш­­­някованың айтуынша, банк кар­таларын утилизациялау өте көп қиындық ту­­ды­рады. Себебі кар­талар тек 200 градустық ыс­тық­та ғана жойы­лады. Ал мұн­дай жоғары тем­пе­ратура кезінде ауаға диоксин, қорғасын, сынап, кад­мий, фталат сияқты улы эле­менттер бөлініп шығады. Сон­дықтан соңғы кезде ресейлік ма­мандар пластикалық карталар­ды цифрлы картаға ауыстыру туралы ұсыныстар айта баста­ды. Осы­лайша, қайта өңделмей­тін қал­дықтар көлемін азайтып, олар­ды дайындауға жұмсалған ре­сурстарды үнемдейміз, дейді сарап­шылар.

Соңғы деректер бойынша Қа­­­­зақстанда 30 млрд тонна­дан ас­там өндірістік және тұтыну қал­­дықтары жиналған. Соның ішін­де пластикалық қалдықтарды қай­та өңдеу және жою мәселесі өзек­ті болып тұр. 2016 жылы ел­дегі плас­тик қалдық саны 283 387 тонна болса, 2018 жылы со­ның 9 мың тоннаға жуығы ғана өңделген.

Айтпақшы, еліміздегі тұңғыш эко картаны 10 маусымнан бас­тап eubank.kz сайтында онлайн өтінім беру арқылы ала аласыз. Бір жыл бойы картаға тегін қыз­мет көрсетіледі.

Бөлісу: