Оқиға
1 мин оқу 326

Оралдағы төбелес адам өліміне әкеліп соқты

<p style="text-align: justify;">Оралда басынан ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оралдағы төбелес адам өліміне әкеліп соқты

БҚО ПД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 маусым күні Шолохов пен Циолковский көшелерінің қиылысында болды.

Бұрын бір-бірін танымайтын 20 және 46 жастағы азаматтар арасында кикілжің туындады. Салдарынан төбелес болып, 20 жастағы жігіт ұрған кезде ер адам жерге құлап, жабық бас-ми жарақатын алған.

46 жастағы ер адам есін жимастан, қалалық көпбейінді ауруханаға апара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (қасақана ауыр дене жарақатын салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Оралдағы төбелес адам өліміне әкеліп соқты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар